Сардобадағы топан сумен Мақтааралға ағып келген балықтар жеуге жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сардобадағы топан сумен Мақтааралға ағып келген балықтар жеуге жарамсыз

21.05.2020

Сардобадағы топан сумен Мақтааралға ағып келген балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеген еді. Мамандар сазан мен дөңмаңдайды зертхана апарып талдау жасаған. Нәтижесінде олардың ішкі ағзасының бүлінгені, қауіпті бактериялардың барлығы анықталған. Сондықтан су басқан ауылдарда балық аулауға болмайтыны бірнеше күн бұрын ескертілді. Алайда, бұл ақпаратты әлеуметтік желіде бұрмалап, Сырдарияға Сардобаның лас суы құйылып,ондағы балықтарды екі жылға дейін жеуге болмайды деген жалған ақпарат тараған. Бүгін Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы осыған қатысты тағы да ресми мәлімдеме жасады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу