БҚО-да құтқарушылар жылқыларды топан судан аман алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да құтқарушылар жылқыларды топан судан аман алып шықты

23.04.2024

Құтқарушылар ағын суға ағып кете жаздаған жылқыларды аман алып қалды. Оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Бударин ауылында болған. Жергілікті құтқарушылармен қоса, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген мамандар суға кетіп бара жатқан жылқыларды байқаған. Киелі жануарларды құтқару үшін белуардан асатын топан суға кіріп кетеді. Абырой болғанда, адам да, аттар да судан аман-есен шықты деп мәлім етті Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу