Чилиде жүз мыңдай балық сумен ағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде жүз мыңдай балық сумен ағып кетті

13.07.2018

Чилиде жүз мыңдай бекіре балығы сумен ағып кетті. Оларды аулап жеген адам ауруға шалдығуы мүмкін. Өйткені, бұл балықтарға антибиотик егілген және сол процедура толық аяқталмаған. Дегенмен, балықтардың 30 мыңға жуығы фабрикаға қайтарылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шілденің 6-да елдің оңтүстігіндегі Калбуко қаласында қатты дауыл соққан. Соның кесірінен теңіз жағасындағы фермада балықтар қамалған тоғыз қоршау қирап, 600 мыңдай бекіре суға кетіп қалған. Осы оқиғаға жол берген компанияға 220 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу