Павлодар облысындағы көлдерде балықтар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы көлдерде балықтар қырылып жатыр

15.04.2021

Павлодар өңірінде ұсақ балықтар қырылып жатыр. Себебі биыл мұз жылдағыдан кеш еруде. Сең әлі қозғалған жоқ. Ертіс сағасында ғана емес, Баянауыл және Ақсу аймағындағы көлдерде де қызыл сумен бірге жағаға қалқып шыққан балық өлекселері табылды. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген жергілікті тұрғындар балықтарды жиып алып, облыс орталығына жіберген. Бірақ өкілетті органдар көлденеңнен келген еш қатер жоғын айтып, балықтардың қырылуына ауаның жетпеуі себеп болды деп отыр.

Нұржан Қазтаев, «Зайсан-Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
Мұзды бұрғымен тесіп, сырттан ауа барып тұру үшін іші қуыс қамыс салып қоямыз. Биыл бұлда көмектеспеді. Себебі көктем салқын болып, мұз сетінемей жатып алды. Дегенмен біз судан сынама алдық. Нақты нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу