Теріскейде балық қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде балық қырылып жатыр

02.04.2021

Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып жатыр. Балықты көлінен мамандар сынама алып, тексеріс жүргізді. 

Бұл видеоны теріскейдегі Қарағаш ауылының тұрғыны түсіріп алған. Қазіргі болжам бойынша балықтардың қырылуына көлді жалға алған кәсіпкер кінәлі. Мамандар қосымша сынамалар жүргізуді жоспарлап отыр. 

Ильдар Кәкімов, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы: 
Көлді жалға алушы кәсіпкер балық аулау үшін мұз ойған. Қатты қысымнан балықтар сумен бірге мұз үстіне шығып қалған. Мұз астына қайта ене алмағандықтан, үсіп қалған. Әзірге 50 келі балық жиналды.

Сағындық Сәбитұлы


Хабарламаларға жазылу