Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

15.05.2020

Мамандардың болжамынша, тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады. Атап айтсақ, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетпек. Бұршақ жауып, тұман түсуі мүмкін. 

Сондай-ақ, синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталатынын да ескертеді.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу