Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды

29.10.2023

«Қазгидромет» тұрғындарға ескерту жариялады. Еліміздің біраз аймағында ауа-райы құбылады. Елордада түнде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Ақмола мен Қарағанды облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал. Еліміздің батыс аймағын тұман басуы мүмкін. Ал таулы аймақтарға қалың қар түседі деген болжам бар. Солтүстік өңірлерде бұрқасын соғады. Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды. Еліміздің барлық өңірінде желдің екпіні күшейіп, секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу