Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

29.12.2021

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды. «Қазгиромет» орталығының мамандары бүгін Ақтөбе облысында тұман түседі деп хабарлайды. Ал Ақмола облысында жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін жел соғады.

Оңтүстік өңірлерінде де тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында күндіз тұман, түнде көктайғақ болады. Сонымен қатар бүгін ауа райының күрт суытуына байланысты Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда бастауыш сыныптардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды.


Хабарламаларға жазылу