Facebook видеоконференцияға арналған сервисті іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook видеоконференцияға арналған сервисті іске қосты

15.05.2020
Facebook видеоконференцияға арналған сервисті іске қосты

Facebook видеоконференцияға арналған сервисті іске қосты.

Messenger Rooms топтық бейнеқоңыраулар сервисі әзірге АҚШ пен Канада аймағынының тұрғындарына қолжетімді. Ал келесі аптада әлем жұртшылығы оны қолдана алады.

Бұл туралы компания басшысы Марк Цукерберг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Видеоконференцияға 50 адамға дейін қатыса алады. Сеанс ұзақтығына шектеу жоқ.

Жақын арада бұл сервиске WhatsApp пен Instagram әлеуметтік желілері де қосылады.

www.bfm.ru

Хабарламаларға жазылу