Facebook билеттерді онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін қызмет түрін таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook билеттерді онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін қызмет түрін таныстырды

14.04.2016
Facebook билеттерді онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін қызмет түрін таныстырды

Facebook басшылығы әлеуметтік желі қолданушыларына билеттерді онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрінің қосылатынын мәлімдеді.

Жақын күндері Ticketmaster, Evenbrite сынды билет сатумен айналысатын ірі компаниялардың сайтында Facebook әлеуметтік желісі арқылы АҚШ-та өтетін түрлі шараларға билет сатып алуға болатын жүйе іске қосылмақ, деп хабарлайды interfax.by.

«Біз қашанда билеттерді көбірек сатуға көмектесетін инновацияларды қолдаймыз. Уақытының басым бөлігін Facebook-те өткізетін тұтынушыларға мұндай қызмет түрін ұсыну – басты бағытымыз», - дейді Eventbrite компаниясының вице-президенті Лоран Селье.

Facebook бұл қызмет түрін әлі де жетілдіре түспек. 

Хабарламаларға жазылу