Facebook өзінің пайдаланушыларының санын 2030 жылы 5 млрд адамға жеткізуді көздеп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook өзінің пайдаланушыларының санын 2030 жылы 5 млрд адамға жеткізуді көздеп отыр

05.02.2016
Facebook өзінің пайдаланушыларының санын 2030 жылы 5 млрд адамға жеткізуді көздеп отыр

Facebook әлеуметтік желісі өзінің пайдаланушыларының санын 2030 жылға дейін 5 млрд-қа жеткізбек. Бұл туралы аталмыш желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлім етті, деп жазады ТАСС. 

«Біз желіге барлық азаматтарды тартуды жөн көріп отырмыз және бұл істі біз мемлекеттердің үкіметтерімен және бүкіл әлем бойынша түрлі компаниялармен бірлесе отырып, жүзеге асырмақпыз»,-деп келтірген оның сөздерін  USA Today баслымы.

Facebook желіні өзінің Гарвард университетінде оқитын жолдастарымен бірге іске қосқан. Биыл американдық компания өзінің 1,6 млрд қолданушыларына Достар күнін атап өтуді ұсынды. Бұл тақырыпқа сурет коллаждары мен арнайы технологиямен монтаждалған бейнероликтер арналды. Аталмыш акция Facebook желісінің 12 жылдығына арналған. 

2015 жылдың желтоқсан айындағы деректер бойынша, желіні белсенді пайдаланушылар саны күніне 1,04 млрд адамды құрайды. Айына олардың саны 1,59 млрд болады. Олардың 83,6 пайызы АҚШ пен Канада елдерінің аймақтарынан тыс жерде орналасқан немесе тіркелген.  

Хабарламаларға жазылу