«Apple» жаңа сервисті іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Apple» жаңа сервисті іске қосты

26.03.2019

«Apple» компаниясы жаңа қызметтерді іске қосты. Соның ішінде кредит карталары мен телевизия қызметі және онлайн аркада ойыны бар. Apple TV+ деп аталатын сервисте телевизиялық шоу және фильмдер көрсетіледі. Бұл қызметтер компания гаджеттерімен қатар, «Samsung», «Sony» және «LG» сияқты бәсекелестердің өнімдерінде де қолжетімді болады.

«Apple Card» деп аталатын виртуалдық және пластик карталар жазда іске қосылады. Онымен кез келген төлемді жасап, әр саудадан 2 пайызға дейін кэшбек алуға болады. Және де жаңалықтар қызметінде 300-ге жуық журналды оқуға мүмкіндік бар. 

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл сервистер биыл күзде әлемнің 150 елінде қолданыла бастайды.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу