Facebook пен Reuters жалған ақпаратпен күресетін бағдарламаны іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook пен Reuters жалған ақпаратпен күресетін бағдарламаны іске қосты

13.02.2020
Facebook пен Reuters жалған ақпаратпен күресетін бағдарламаны іске қосты

Reuters агенттігі мен Facebook желісі АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында бірлесіп, ақпараттың растығын тексеретін, әлеуметтік желідегі фейктерді анықтайтын бағдарламаны іске қосты. 

Бұл бағдарлама бойынша агенттік Facebook пен Instagram-да жарияланған деректердің (фото, видео) растығына баға береді. Жоба биыл өтетін президенттік сайлауға дайындық барысында ғана емес, одан кейін да жұмыс істейді. 

«Деректерді тексеру бағдарламасы жалған ақпарат таратудың алдын алады. Reuters-тың бізге қосылғанына өте қуаныштымыз. Олардың білімі мен әлеуметтік желі қолданушыларының жазбаларын тексеру тәжірибесі бізге үлкен көмек көрсетеді деп сенеміз», - дейді Facebook өкілі.

Осы орайда Reuters-тың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы бұл бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, жалған ақпараттың қоғамға, азаматтарға елеулі зиян келтіретінін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу