Чилидегі Еуропалық Оңтүстік обсерваториясының (ESO) ғалымдары Жерге ең жақын орналасқан қара құрдымды анықтады. Зерттеушілердің айтуынша ол ғаламшардан 1000 жарық жыл қашықтықта орналасқан және түнгі ашық аспанда оңтүстік жарты шардан оның маңайындағы қос жұлдызды арнайы құрылғыларсыз да көруге болады.
Ғалымдар 1000 жарық жыл галактикалық деңгейде ұзақ қашықтық емес дейді. Мысалы Құс жолы галактикасының ортасындағы қара құрдым Жерден 25 мың жарық жыл қашықтықта орналасқан.
«Құс жолы галактикасының көлемімен өлшегенде жаңадан ашқан қара құрдым сіздің аулаңызда секілді болады», - дейді обсерватория маманы Томас Ривиниус.
Томас Ривиниустың айтуынша, бұл тек «айсбергтің ұшы» ғана және галактикада өзге де қара құрдымдар болуы мүмкін.
ВВС