Қарағанды облысында қора өртеніп, 70-ке жуық мал жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қора өртеніп, 70-ке жуық мал жанып кетті

28.12.2020

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Бородиновка елді мекенінде қора өртеніп, 47 ірі қара мен 20 ұсақ мал жанып кетті. Оқыс оқиға 27 желтоқсан күні таң ата болған. Ең жақын өрт сөндіру бекеті 65 шақырым қашықтағы Шахтинск қаласында ораласқан. Көмек келіп жеткенше жалын қораны түгел шарпыған. Өртенген нысанның жалпы ауданы 140 шаршы метр. 

Жанна Дәуренбекова, облыстық ТЖД ресми өкілі:
Сол жерге 10 адам мен екі бірлік техника жіберілді. Өкінішке қарай, 47 бас ірі қара мал және 20 бас ұсақ мал қырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 

Руслан Нұрланұлы

өрт ТЖД Қарағанды

Хабарламаларға жазылу