Есімі әлемге әйгілі астрофизик Стивен Хокинг 77 жасқа қараған шағында дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есімі әлемге әйгілі астрофизик Стивен Хокинг 77 жасқа қараған шағында дүниеден озды

14.03.2018

Британ физик-теоретигі Кембридждегі үйінде жан тапсырған. Ауыр нейродегенеративті ауруына шалдыққанына қарамастан, Хокинг заманымыздың танымал, құрметті ғалымдарының бірі саналып келді. Ол «Қара құрдым» теориясын және үлкен жарылыс нәтижесінде ғаламның пайда болуы туралы теориясын дамытты. Бұған қоса, Хокинг кванттық космологияның негізін қалаушы әрі «Уақыттың қысқаша тарихы», «Қара құрдым мен жас ғаламдар» және балаларға арналған ғаламның құпиялары туралы кітаптардың авторы. Ғалымға 21 жасында бүйірлік амиотрофиялық склероз диагнозы қойылды. Сол кезде дәрігерлер оның 2-3 жыл өмірі қалғанын айтқан еді. Алайда, болжам қате болып, мүгедектер арбасына таңылған Стивен Хокинг ғылыми жұмысын жалғастырып, 2 рет үйленіп, 3 баланың әкесі атанды. Сал ауруына шалдыққан ол өзгелермен сөйлеу синтезаторы арқылы тілдесіп, компьютерде жұмыс істеді, кітап жазды. Аты аңызға айналған ғалым ғылыми шешімдерді есептеусіз, тәжірибе өткізбей-ақ елестету мүмкіндігімен ерекшеленетін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу