«Түн ішінде ғайып болды». Кинман галактикасының ең ірі жұлдызы жоғалып кетті

01.07.2020
«Түн ішінде ғайып болды». Кинман галактикасының ең ірі жұлдызы жоғалып кетті

Чилиде орналасқан Еуропаның оңтүстік обсерваториясының ғалымдары Кинман галактикасына тиесілі ең ірі жұлдыздардың бірі жоғалып кеткенін айтуда.

«Аспан әлеміндегі ең үлкен жұлдыздардың бірі түн ішінде ғайып болды»,- дейді астроном Жозе Гро.

«Кинман галактикасы Жерден 75 млн жарық жыл қашықтықта орналасқан. Сондықтан, ол жақтағы әрбір нақты жұлдыздың көлемі мен салмағын анықтау мүмкін емес»,- дейді мамандар. Алайда галактикадан шашыраған жарық мұнда Күннен 2,5 млн есе үлкен жұлдыздың бар екенін көрсеткен.


Ғалымдардың айтуынша, мұндай ірі жұлдыздың жоғалып кетуіне екі түрлі анықтама бар. Бірншіден, ол өз жарығын жоғалтып, космостық шаңнан көрінбей қалуы мүмкін. Ғалымдарды қатты алаңдатып отырған екінші болжам бойынша, жұлдыз қара құрдымға кіріп кеткен.

«Егер ол расымен қара құрдым «құрбанына» айналса, аспан әлемін зерттеу тарихымызда ең ірі жұлдыздардың бірінің өз дәуірін аяқтағынана куә болып отырмыз»,- дейді ғылыми топтың жетекшісі Эндрю Аллан.

Аталған жұлдызды 2001-2011 жылдар аралығында көптеген ғылыми топтар зерттеп, оның даму эволюциясы шекті кезеңіне келді деген пікір айтқан болатын.

BBC


Хабарламаларға жазылу