Ресейде қалып қойған студенттердің бәрі елге жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қалып қойған студенттердің бәрі елге жеткізіледі

30.04.2020

Ресейде түрлі себептермен қалып қойған студенттердің бәрі елге жеткізіледі. Бұған дейін 500- ден астам студент үйіне оралса, енді қалғаны репатриацялық рейстер арқылы ұшып келеді.

Ресейде қалып қалған, елге қайтам деген студенттер енді автобус немесе пойызбен емес, ұшақпен елге бара алады. Репатриацялық рейстер мамырдың басына жоспарланып отыр. Елшілік Ресей тарапымен келісімге келудің қиындығы болмады, себебі барлық қауіпсіздік талаптары сақталмақ. Ал билет бағасы 134 мың теңге мен 223 мыңтеңгенің аралығында болмақ. Жетпіс мыңнан астам студенттің алпыс пайыздан астамы елге қайтты. Студенттер, ата-аналары осындай кезде шетте қалдырмай, қамқорлық танықтан Қазақстанға алғыс білдіріп жатыр. Ал Ресейде жағдай мәз емес. Індет жұқтырғандар жүз мыңнан асты, ауруханаларда орын тапшы. Естеріңізге сала кетейін, 9 мамырға жоспарланған әскери шеру де кейінге шегерілді. Демалыс күндері мамырдың он біріне дейін созылды. Ресми билік егер індет осылай күшейе берсе, демалыс апталары айдың соңына дейін созылуы мүмкін деп отыр.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу