Түркия қонақ үйлері коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін де «бәрі қосылған» жүйесі мен швед столынан бас тартпайды. Бұл туралы Түркия отельерлер Федерациясының басшысы Сурури Чорабатыр мәлімдеді.
Оның айтуынша, туристік агенттіктер мен қонақ үйлер аталған жүйе бойынша көп жылдан бері қызмет етеді. Және оған билеттер бірнеше ай немесе бір жыл бұрын сатып алынады.
Сонымен қатар, Сурури Чорбатыр Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсойдың қонақ үйлерге қатысты айтқан пікірін БАҚ өкілдері дұрыс жеткізбегенін айтты.
«Министр «бәрі қосылған» жүйесі мен швед столынан бас тарту емес, қонақ үйдегі туристер арасындағы қауіпсіздікті сақтау, санитарлық нормаларда бірқатар өзгерістер болатынын жеткізген. Биылғы туристік маусымда қонақтардың аз келуіне байланысты қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қиынға соқпайды»,- деді Түркия отельерлер Федерациясының басшысы
РИА