Италияның Мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини италиялықтарға жазғы демалыс кезінде шетелге саяхаттамауды сұрады. Оның айтуынша, коронавируспен күресте оң нәтижие көріне бастағанымен, шетелге шығу үлкен қауіп болмақ. Сонымен қатар, биыл әлемдік туризм саласы да шығынға ұшаруы мүмкін. Алайда Италия халқының өз елінде саяхат маусымын жақсы өткізу үшін барлық жағдайды жасаймыз дейді министр.
Ал Франция Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жан-Батист Лемуан биылғы туристік маусым бұрынғыдай болмасы белгілі деді. Ол халыққа жазғы демалысты үйге жақын маңдағы саяжайларда өткізуге болатынын айтты. Сондай-ақ, жақын арада елде шағын музейлер, саябақтар секілді демалыс орындары да ашылатынын жеткізді.
Қазіргі таңда Италия COVID-19 вирусын жұқтырған адам саны бойынша әлемде үшінші, ал Франция төртінші орында тұр.
Дереккөз: Интерфакс