Пентагон беймәлім ұшатын нысандардың бейнематериалдарын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон беймәлім ұшатын нысандардың бейнематериалдарын жариялады

28.04.2020

Пентагонның жазбасында үш видео жарияланған. Олардың барлығының түпнұсқа екенін АҚШ-тың қарулы күштері растады.

Бейнематериалдардың бірі 2004 жылы түсірілісе, қалған екеуі 2015 жылдың қаңтар айында түсірілген. Үш видеода Пентагонның рұқсатынсыз желіге тарап кеткен.

«АҚШ қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз тарап кеткен бейнематериалдар аясында халықтың әртүрлі болжамдар айтып, елді дүрліктірмес үшін түсініктеме береміз. Видеода байқалатын құрылығылардың барлығы беймәлім ұшатын нысан ретінде қарастырылады. Әлемде мұндай ұшақ, тікұшақ немесе басқа да әуе құралдары жоқ»,- делінген Пентагонның ресми жазбасында.

Дереккөз: РИА


Хабарламаларға жазылу