Пентагон ДАИШ лидері туралы видео жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон ДАИШ лидері туралы видео жариялады

31.10.2019

Пентагон ДАИШ қарулы тобының лидері Әбу Бәкір әл-Бағдадидің Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб провинциясында қалай өлгені турады видео жариялады. Онда Америка күштерінің бір кешенге жақындап барып, оны қалай атқылағаны көрінеді. Бағдади АҚШ жауынгерлерінен туннелге қашып бара жатып, өзін-өзі жарып жіберді. 

Айта кетсек, Бағдади жетекшілік еткен «Даиш» Сирия мен Ирактың төрттен бірін басып алып, 2014 жылы халифат құрды. Сонымен қатар, бұл топ асқан айуандықпен діни азшылықтарды қырғынға ұшыратып, әлемде үлкен террористік шабуылдар ұйымдастырғаны белгілі.

Құрама Штаттар Орталық қолбасшылығының жетекшісі Кеннет Маккензи мәлімдемегендей, Бағдадимен бірге екі кішкентай баласы мерт болған. Мұның алдында президент Дональд Трамп сол рейд кезінде көп адамның қаза тапқанын айтқан еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу