Трамп АҚШ-тың Сириядағы әскерін әкету туралы жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп АҚШ-тың Сириядағы әскерін әкету туралы жарлыққа қол қойды

24.12.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Сириядағы әскерін әкету туралы жарлыққа қол қойды. Мұның алдында «Ассошиэйтед пресс» агенттігі америкалық жауынгерлердің Араб Республикасынан қаңтардың ортасына дейін кететінін хабарлаған-ды. Сонымен қатар, Трамп Пентагон басшысының ізбасарын атады. Құрама Штаттар Қорғаныс министрлігін қаңтардың 1-нен бастап Патрик Шанахан уақытша басқарады. Ол бұған дейін осы министрлікте орынбасарлық қызмет атқарған.

Айта кету керек, өткен аптада Пентагон жетекшісі Джеймс Мэттис отставкаға кететінін жариялады. Ол мұндай мәлімдемені Трамп Сириядағы әскерді әкететінін хабарлағаннан кейін екі күн өткенде жасады. Сондай-ақ, Мэттис сол күні президентпен көзқарасының сәйкес келмейтінін де атап өткен еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу