Бүгін – «Егіздерге» шабуыл жасалған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Егіздерге» шабуыл жасалған күн

11.09.2014
Бүгін – «Егіздерге» шабуыл жасалған күн

Бүгін – АҚШ-тың «егіз ғимаратына» шабуыл жасалған күн.  Осыдан 13 жыл бұрын – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан егіз мұнара, Пентагон және Капитолий лаңкестік әрекеттің нысанасы болды.

Лаңкестікті «әл-Каида» лаңкестік тобы ұйымдастырғанын жариялады. 19 адамнан тұратын лаңкестік топ төрт ұшақты басып алып, оның екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының көк тіреген екі ғимаратына бағыттады.

Алғашқы екі ұшақ 11 қыркүйек күні таңғы сағат 8-ден 46 минут өткенде «егіз ғимаратқа» соғылды. Лаңкестер басып алған ұшақтардың бірі Пентагонның бір бүйіріне құласа, енді бірі Пенсильвания штатындағы Шанксвилл қаласы маңындағы тоғайға құлады. 

Қос ғимарат-мұнараның қалай күйреп түскенін бүкіл әлем лезде теледидардан көрді. Осы арада дүниежүзілік сауда үйінің қос ғимаратына қарағанда, Пентагон ғимаратына ұшақтың соқтығысу оқиғасы түсінбеушіліктер мен күмәндарға толы.

Пентагон ғимаратының құлауына байланысты суреттерге қарап, жолаушы тасымалдайтын бір ұшақтың Пентагон ғимаратына мұндай зиян келтіре алмайтындығын түсінуге болады. Мұнымен қоса, суреттерде жолаушы ұшағының ұшқыны да көзге түспейді.

Кейбір құжаттарға қарағанда, Пентагон бір зымыранның қақтығысы салдарынан қираған көрінеді. Шындығында, АҚШ-тың арнайы барлау, бақылау орындары алып лайнерлердің ғимараттарға соғылып жатқанын қалай аңғармай қалды, деген сұрақ әркімді мазалары анық.

Жалпы, лаңкестік әрекеттен 2974 адам опат болып, оның ішінде 343 өрт сөндіруші, 60 полицей құрбан болған. Ақпаратқа сай, қаза болғандардың арасында 91 елдің азаматы болған көрінеді.

Шабуылдан соң алғаш болып жеткендер – өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, өзге де құтқару операцияларына қатысушылардың көпшілігі улы бу мен шаңды жұту салдарынан жеңіл ауруларға, кейбірі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Ал, жалпы шығын 100 миллиард долларға бағаланды.

Фото: www.llv.kz

Хабарламаларға жазылу