Инфляция деңгейі төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфляция деңгейі төмендеді

03.07.2018

Доллардан бас тарту сәтті өтті. Әсіресе, бизнесмендер бұл үрдіске жақсы бейімделе алды. Ұлттық экономика министрі осылай дейді. Тимур Сүлейменов экономикамыздың долларға байланбауы теңгеге де оң әсерін тигізгенін жеткізді. Министр көптен бері өзгеріссіз тұрған инфляция деңгейі алғаш рет 6 пайыз көрсеткіштен төмен түсіп, 5,9 пайызды құрағанын қуана жеткізді. «Долларсыз тірліктің арқасында өзіміздің өндірісіміз де артып, сырттан тауар тасымалдау кезінде валюта бағамына байланбайтын болдық»,- дейді Тимур Сүлейменов. Ұлттық экономика министрлігі енді инфляция деңгейін жыл соңына дейін 5,7 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Ал, келесі жылдан бастап талапты күшейтіп, бұл көрсеткішті 4,6 пайыз қылу жоспарда бар.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Біз жүргізген жұмыстар өз нәтижесін көрсетіп отыр. Өте жақсы көрсеткіш. Ал, азық-түлік тауарлары бойынша біз дефляция аймағына келдік. Бірінші жарты жыл бойынша -0,1 процент көрсеткіш болды.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу