Алматыда вирустан 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вирустан 1 адам қайтыс болды

23.04.2020

Алматыда коронавирус дертінен бір адам көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекция марқұмнан 17-сәуір күні анықталған. 1964 туған әйел адам бүгін таңғы 7-лер шамасында көз жұмған. 1 апта бұрын ғана оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Науқас бұдан бөлек, созылмалы бүйрек ауруы, қант диабеті, екі жақты пневмония секілді қосымша аурулармен ауырған.

Ал науқастарға келсек, бүгін тағы 39 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы қазір шаһарда вирус жұқтырғандар саны 756 адамға жетті.

Сондай-ақ қаладағы блокпостарда, көшелерде жұмыс істеп жүрген әскери қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Қорғаныс министрлігіне қарасты мекемелерде Алматы горнизоны әскери поликлиникасының дәрігерлері бүгінге дейін 2 мыңнан астам қызметкерді тексеруден өткізген. Ешқайсысынан ауру белгілері анықталған жоқ. Қалалық Қорғаныс департаментінің мәліметінше, тағы 1500 әскери қызметкер тест тапсырады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу