Түркияда вирустан төрт адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда вирустан төрт адам қайтыс болды

20.03.2020

Түркия қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал Айтач Ялман коронавирустан қайтыс болды. Ол төрт күн бұрын өзін жайсыз сезініп ауруханаға қаралған. Арада 6 сағат өткенде жағдайы күрт төмендеп реанимацияға жатқызылған. Ал, кеше 80 жастағы генерал көз жұмды. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа растап отыр. Сонымен, Түркияда вирустан қайтыс болғандар саны төртке жетті. Бұған дейін 89 және 61 жастағы екі ер адам көз жұмған еді. Ал, елде вирус жұқтырғандар саны соңғы мәлімет бойынша 359 адамға жеткен. Бұдан бөлек, әуе қатынасы үзілген Еуропаның 9 елінен үш мыңға жуық Түркия азаматы елге әкелініп, карантинге жатқызылды. Бүгінге дейін карантинге алынғандар саны тоғыз мың сегіз жүзге жетті. Үкімет әзірге елде төтенше жағдай жарияланбайды деп отыр. 

Хабарламаларға жазылу