Коронавирус еліміздің тоғыз аймағына тарап үлгерді

27.03.2020

Дәл қазіргі таңда еліміз бойынша COVID-19 вирусы 124 адамнан анықталды. Стационарлық карантинде 2164, үйде 4799 адам оқшауланған.

Бұл індет еліміздің тоғыз аймағына тарап үлгерген. Нұр-сұлтан қаласында науқастар саны 60-қа жетіп отыр. Алматыда ауруға шалдыққан 48 адам тіркелді. Қарағандыда 4, Жамбыл және Атырау облыстарында үш адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Шымкентте 2 адамнан анықталған. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Ақтөбе өңірі және Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан короновирус анықталған. Ел бойынша бұл вирустан екі азамат айығып шықты. Бір адам қайтыс болды. 


Хабарламаларға жазылу