Әл-Фарабидің 1150 жылдыған орай халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фарабидің 1150 жылдыған орай халықаралық конференция өтті

22.04.2020

Биыл Дамаскідегі Мысыр Университетінің қабырғасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филиалын сондай-ақ, Сирияда «Фараби мұражайының» салтанатты ашылуын өткізу жоспарлануда. 

Бірақ әлемдегі ахуал ғұламаның 1150 жылдығына арналған шараларға да кедергі келтіріп отыр. Дегенмен, ғалымдар оның орнын толтырып, онлайн конференция өткізді. Интернет платформада болған жиынға Түркия, Италия, Сирия, Тәжікстан және Қырғызстан ғалымдары қатысты. Олар әр елдегі ғылыми жұмыстардың бірыңғай дерекқорын құру мен ортақ электронды база жасау тетіктерін талқылады. Айта кетейік, биыл ЮНЕСКО көлемінде «Әл-Фараби жылы» болып жарияланған. Қазір ғұламаның мұраларын әлемге кең насихаттау үшін елімізде заманауи әдіс-тәсілдер жасалып жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу