Алматыда әл-Фараби ғылыми орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әл-Фараби ғылыми орталығы ашылды

07.02.2020

Алматыда көрнекті ғалым, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әл-Фараби ғылыми орталығы ашылды.

Онда Ұлттық кітапхана қорынан ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, философтың еңбектері және оның әлем тілдеріне аударылған шығармалары, белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, философтардың, тарихшылардың зерттеулері, электрондық басылымдар, мерзімді басылымдардан алынған құжаттар мен еңбектер қойылған. Орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен толықтырылмақ. 

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу