Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қорытындыланды

16.10.2020

Алматыда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Мегополиске жұмыс сапарымен келген Қырымбек Көшербаев Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Одан әрі әйгілі Әл-Машани деген атпен танымал фарабитанушы Ақжан Машановтың бюстінің ашылу салтанатына қатысты. 

Ғалымдармен кездесу барысында Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен халықаралық деңгейде атап өтіліп жатқанын айтты. Пандемияға қарамастан, отандық фарабитанушылар мен ғылыми қоғамдастық ұлы ғалымның мұрасын елде және бүкіл әлемде кеңінен насихаттау бойынша орасан зор жұмыс атқарды. Әл-Фарабидің дәйексөздер жинағы, 7 монография, сонымен қатар «Қайырымдылық» ойлары мен нақыл сөздер жинағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Сондай-ақ, бұрын жарияланбаған үш трактаты араб тілінен қазақ тіліне аударылды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Біздің өнертанушы ғалымдарымыздың Әл-Фараби жұмыстарын негізге алып, бүгінгі өнертану ғылымын ілгерілетіп жатқанын айтып кету керек.
Алматы Әбу Насыр Әл-Фараби Ақжан Машанов ЮНЕСКО

Хабарламаларға жазылу