Елордада үш арысқа ескерткіш орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үш арысқа ескерткіш орнатылады

01.10.2019
Елордада үш арысқа ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтанда қазақтың үш арысы - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталып кетті. Соның аясында тұңғыш рет елордамызда №87 Абай атындағы мектепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқушылар сарайына беру жоспарланған. Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», - деді Б.Мәкен «Менің тілім – ұлы дала рухы» атты қалалық тіл фестивалінде.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу