Жалғыз тұрғыны бар қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалғыз тұрғыны бар қала

22.04.2020
Жалғыз тұрғыны бар қала

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Серро Гордо қаласы Брент Андервурд есімді америкалықтың пандемия кезіндегі жалғыз өзі оқшаулану орнына айналды. Бұл бос қалған қаланы Брент Андервурд 2018 жылы 1,4 млн АҚШ долларына сатып алған. Ал коронавирусқа байланысты карантин режимі енгізілген уақытта жүк көлігіне азық-түлік пен керекті құрал-жабдықтарды алып, «елес қалаға» жол тартуды жөн санаған екен.

«Кеншілер мекені» аталып кеткен Серро Гордо қаласының негізі 1865 жылы қаланған. Алашқы уақытта қала маңындағы күміс пен қорғасын кен орнының шикізаты Лос-Анджелеске тасымалданып отырған. «Алайда өткен ғасырдың басында кен орнында болған өрт және мұнда шығатын шикізат өніміне деген бағаның құлдырауы қаланың тіршілігін тоқтатқан»,- дейді тарихшылар.

Брент Андервурд 2018 жылы тарихи мекенді сатып алып, бұл жерде жаңа туристік орталық ашуға уәде берген болатын. Оның айтуынша, қазіргі таңда қаланың дамуына қатысты бірнеше жоба қарастырылып жатыр.


Дереккөз: BigMir 


Хабарламаларға жазылу