Тайландта туристер ұшақпен суретке түскені үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Енді Май Кхао жағажайында көкте самғаған ұшақпен суретке түскен туристер қатаң жазаланады. Олар бұл әрекеті үшін тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Май Кхао - Пхукет әуежайына жақын орналасқан жағажай. Бұл маңда ұшақтар өте төмен биіктікте ұшады. Туристер көбіне мұнда ұшақпен суретке түсу үшін ғана келеді екен. «Ал бұл жағдай қонуға бекінген ұшқыштарға кедергі келтіреді», - дейді әуежай әкімшілігі.
Жақында ел билігі әуежай маңында тыйым салынған шараларға қатысты заңды қабылдайды. Егер заң жобасы күшіне енсе, тәртіп бұзған туристерге ірі көлемде айыппұл салынуы, сондай-ақ өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ал жергілікті тұрғындар мұндай шешім туристер ағынын азайтады деп отыр.