Коронавируспен тиімді күрес тәсілдері Орта Азиялық ғылыми форумда талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируспен тиімді күрес тәсілдері Орта Азиялық ғылыми форумда талқыланды

17.04.2020

Коронавируспен тиімді күрес тәсілдерін айқындау — тұрақты даму және инновациялар бойынша үшінші рет өткен Орта Азиялық ғылыми форумда да талқыланды. Жиында қазақ ғалымдары да өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, еліміздің ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов қауіпті індетпен күресу үшін өсімдік вирустарын қолдану қажеттігін айтады. Ал Кардиф университетінің PhD студенті Мұхит Құлмағанбетов вирустың нәруыз қабығын пайдалану арқылы вирустың жасушаішілік құрамдас бөліктерін бұзатын вакцина жасауды ұсынып отыр. Бұл — короновирустың осы штаммына әсер етуге мүмкіндік беретінін айтады жас ғалым. Айта кету керек, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі елшілігінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылған ғылыми форум биыл алғаш рет онлайн форматта өтіп жатыр.   

Индира БЕКТЕН


Хабарламаларға жазылу