Басты Жаңалықтар Дертке шалдыққан дәрігерлер Қырғыз елінде де көбейді

Дертке шалдыққан дәрігерлер Қырғыз елінде де көбейді

Қырғызстанда медицина мамандары арасында вирусты жұқтыру жағдайы көбейіп барады. Соңғы мәліметке сәйкес, елде денсаулық сақтау саласының 104 қызметкері ауруға шалдыққан. Бұл – жалпы науқастардың төрттен бірі. Бүгін тағы 17 адамнан инфекция анықталса, олардың бесеуі – ақ халаттылар. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 466-ға жетті.  

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Бөлісу