«Қандай жағдай болмасын, біз біргеміз!». Ел аумағында осындай атаумен қайырымдылық науқаны жүріп жатыр. Кәсіпкерлер мен жомарт азаматтар көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, қолдау көрсетуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- демешкі, азын-аулақ көмекке тұрғындар да риза. Мәселен, Алматыда бір күнде 1380 отбасыға азық-түлік қораптары таратылды. Ал Батыс Қазақстандағы волонтерлар 20 қарияның, яғни соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне азық-түлік жеткізді. Сондай-ақ үйлерінің ауласы мен кіреберістерін арнайы мамандар зарарсыздандырды.
Ақтөбелік кәсіпкерлер қайырымдылық эстафетасын бастап, өздерінің мейрамханаларынан тәтті тағамдар пісіріп, дәрігерлерге апарды. Ал маңғыстаулық кәсіпкерлер болса, бір күнде 60 дәрігерге түкі ас апарды.
Ақмола облысындағы құс фабрикасы өнімдерін көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, басқа да мұқтаж жандарға тегін таратты. Кәсіпорын Көкшетау және Ақкөл қалаларына 45 мың жұмыртқа жеткізген.
Осылайша, еліміз бойынша қайырымдылық науқаны жалғасуда.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ