Дүние жүзіндегі мемлекеттер карантин шектеулерін жеңілдете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүние жүзіндегі мемлекеттер карантин шектеулерін жеңілдете бастады

14.04.2020

Бүгінде бірқатар мемлекеттер шектеулерді жеңілдете бастады. Олардың ішінде Испания мен Италия да бар. Алайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қалыпты өмірге оралуға әлі ерте деп отыр.

Пандемиядан қатты зардап шеккен елдер - Испания мен Италия қатаң карантин талаптарын бәсеңдете бастады. Сауда-саттық жанданып, шағын кәсіпорындар мен зауыттар жұмысына қайта кіріскен.

Австрияда да бүгін мыңдаған дүкен ашылды. Азық-түлікті бұрынғыдай еркін жүріп алуға болады, алайда арнайы ережелерді сақтау керек.

Әлем бойынша вирус жұқтырғандар көшін бастап тұрған АҚШ карантин талаптарын жеңілдетуге ниетті. Ақ үй басшысы алдағы күндері экономиканы қалпына келтіру жөніндегі жоспарын жарияламақ.

Қытайда да халық біртіндеп жұмысқа шыға бастады. Дегенмен, шетелден оралып жатқандар қауіп төндіріп тұр.

Осылайша, кей елдер шектеулерден тезірек құтылуға тырысса, Франция керісінше карантинді тағы 1 айға ұзартты.

Әзірге емі жоқ дертке темірдей тәртіп қана тосқауыл. Перуде сол тәртіпті қадағалайтын 200-ден астам полиция қызметкері коронавирус жұқтырған. Сондықтан ел билігі тұрғындарды оқшаулау режимін бұлжытпай орындауға шақырып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу