Өңірлерде өзендер деңгейі көтеріліп, бірнеше ауылды су алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде өзендер деңгейі көтеріліп, бірнеше ауылды су алып жатыр

14.04.2020

Коронавирустан кесірінен бөлек, елімізде тасқын қаупі де сейілмей тұр. Солтүстік Қазақстан облысында 4 елді мекен тұсындағы өзендердің деңгейі бір метрге жуық көтерілген. Ал Қостанай облысында іргедегі шабындықтың суы жайылып, Ұзын Қарасу ауылының көшелерін басты.

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендердің арыны басылғанымен, Есіл еркелігін көрсете ме деген қауіп бар. Покровка, Новоникольск, Тоқсан би, Долматово ауылдарының жанында және Петропавл су қоймасында судың деңгейі 1 метрге жуық көтерілді.

Ақмола облысындағы Қалқұтан өзенінің деңгейі 6 метр 25 сантиметрге көтерілді. Ал жағалаудың биіктігі 6 метр 70 сантиметр. Яғни енді жарты метр жоғарыласа. су ернеуден асып етекке жайылады. Соның салдарынан Ескі Колотун ауылын су басу қаупі туып тұр.

Ағын су бірнеше үйдің ауласына кіріп те үлгерді. Баспананың өзін құм салған қаппен қоршап, өзендегі мұзды жару және су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Целиноград ауданының Қараөткел, Қоянды, Талапкер ауылдарында да сақтық шаралары күшейтілді.

Дәурен ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу