Хиросима университетінің ғалымдары өзге ел дәрігерлеріне өкпені жасанды желдету аппаратын 3D-принтерде жасап шығару үшін сызбаларын ұсынатын болады. The Asahi Shimbun газетінің мәлеметі бойынша, жапон ғалымдары сызбаларды тегін таратады.
Өкпені жасанды желдету механикалық аппаратын 2017 жылы жапон ғалымы Наоюки Исиката ойлап тапқан еді. Бұл құрылғы негізінен ғарышкерлерге арналған. Аппарат электр тоғының көмегінсіз жұмыс істейді.
Университет ғалымдары аппараттың сызбаларын жарияламас бұрын оның жұмыс істеуі бойынша нұсқаулық дайындап жатқанын жеткізді. Олардың айтуынша бұл нұсқаулыққа қарап әлемнің кез-келген ауруханасында жасанды желдету аппаратын 3D-принтерде басып шығуға және пайдалануға болады.
«Біз мықты қарсыласпен күресудеміз. Ғылымның күшін пайдаланып, адамдардың өмірін құтқарғымыз келеді», - деді Хиросима университетінің доценті Томохико Косака.
Дереккөз: day.az