Жапония билігі ТЖ байланысты жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың шығынын өтемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония билігі ТЖ байланысты жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың шығынын өтемейді

08.04.2020
Жапония билігі ТЖ байланысты жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың шығынын өтемейді

Жапония билігі коронавирус індетіне орай төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар мен компаниялардың шығынын өтеп бермейді. Бұл туралы елдің Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлімдеді. 

«Мемлекет тарапынан берілетін жаппай өтемақыға кірісі күрт төмендеген бизнес обьектілері ғана жатады» - деді Министрлер кабинетінің бас хатшысы. Жақында ел үкіметі COVID-19 індетінің таралуына байланысты мемлекеттік қордан бөліетін жәрдемақыға және салықтан босатылатын кәсіпорындар қатарына айлық кіріс есебі екі есеге немесе одан да көп мөлшерде шығынға батқандар ғана кіретінін түсіндірген болатын. 

Мұндай шешім жапондықтар тарапынан сынға түсуде.

Атап айтсақ, елдегі 47 префектура губернаторлары шұғыл өткізген жиналыстың қорытындысы бойынша үкіметке төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтататын барлық компанияларға шығынын өтеуі туралы талап қойды. Төтенше жағдай Токио және елдің тағы да 6 әкімшілік өңірінде жарияланды. Бұл аймақта барлығы 55 млн-ға жуық халық өмір сүреді. 

Жапонияда қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 4 мыңан астам дерек тіркелген. 109 адам коронавирустың құрбаны болған.


Дереккөз: ТАСС


Хабарламаларға жазылу