Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды.
«Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды», - делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында ашылды.
Жәрдемақы алу үшін:
1. 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2. 42500 теңге жәрдемақы алуға өтінішті жіберіңіз;
3. Ұсынылған нұсқаларды толтырыңыз (аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН-і);
4. Телефон нөмірінізді SMS арқылы жіберілген кодпен растаңыз;
Жауап 3 жұмыс күні ішінде SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.