Алматыда карантин кезінде үйге жақын дүкен мен дәріхананы қалай табуға болады? Ереже бұзғандар жазалана ма? Мегаполистегі карантин қашан алынады? Бүгін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифингте тұрғындарды алаңдатқан негізгі сауалдарға жауап берді.
Бүгін Алматыда вирус жұқтырғандардың саны 91-ге жетті. Ал бір адам бүгін індеттен айығып, ауруханадан шығарылды. Сонымен қалада вирустан 11 науқас сауығып кетті.
Індетті тоқтату үшін алматылықтар үйіне жақын дүкендерге ғана баруы керек.
Бүгін такси қызметіне қатысты да өзгерістер айтылды. Қалада 200 мың такси жүргізушісі тіркелген. Бір күннің өзінде 4700 көлік такси қызметін ұсынған. Дегенмен, оның бәріне жолаушы тасуға рұқсат берілмейді. Тек 2 000 көлік қалада жүре алады.
Жазриа ОРАЗҚЫЗЫ