Қайрат Келімбетов: Ағылшын құқығы негізінде жұмыс істеуіміздің себебі өзгелердің сеніміне ие болу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Келімбетов: Ағылшын құқығы негізінде жұмыс істеуіміздің себебі өзгелердің сеніміне ие болу

26.02.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы - Қазақстанның қаржы құрылымының негізгі ядросы. Бұл туралы бүгін орталықтың даму мәселелері жөнінде өткен көшпелі жиында айтылды. Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесіп, ұйымның болашақ жоспары жайында бөлісті. Сондай-ақ, отырыста заманауи инфрақұрылым мен озық технологияларды қолданатын қаржылық хабтың инвесторлар мен салымшылар үшін жасалатын салық жеңілдігі жөнінде айтылды. Қайрат Келімбетовтың айтуынша, қаңтардың 1-нен бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанынан Тәуелсіз сот, Халықаралық төрелік орталығы, Биржа және қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитет жұмысын бастаған. Халықаралық қаржы орталығы қазіргі «Астана ЭКСПО» отырған ғимаратқа осы жылдың шілде айында толығымен көшетін болды.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы неге ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтінін көбі түсінбей жүр. Мен сіздерге осы жөнінде толық ақпарат берейін. Бұл Ұлыбританияда ғана жұмыс істейтін жүйе емес. Бұл әлемдегі барлық қаржы орталығының 80 пайызы пайдаланатын тәжірибе. Қаржылық аударымдар, келісімдердің барлығы осы құқықтық негізде жасалады. Сондықтан, өзгелердің бізге сенімі болсын деген ниетпен осындай құқықтық база қалыптастырдық.

Хабарламаларға жазылу