Төтенше жағдай талаптарын сақтамағандар қамауға алынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай талаптарын сақтамағандар қамауға алынуда

27.03.2020

Елдегі төтенше жағдай талаптарын сақтамай, тәртіп бұзып жатқандар әлі де бар. Сол құқық бұзушылықтары үшін жазаланып та жатыр. Мәселен, Қостанай облысының тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал «карантин режимін бұзып, кофе ішіп, қыдырдым» деп әлеуметтік желіге желпіне жазған бойжеткен 3 тәулікке қамалды.

Ал Қызылорданың дәмхана, мейрамханалары түнгі уақытқа дейін жұмыс істеуін тоқтатар емес. Осы кезге дейін, 21 кәсіпкерлік нысанның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрескел заң бұзушылыққа барғандар айыппұлмен ғана құтылмай, сот үкімімен қамауға алынды.

Сондай-ақ Қостанайда ватсап желісі арқылы «аймақтағы төрт қала карантинге жабылады» деп аудиожазба арқылы жалған ақпарат жіберген азамат анықталды. Полицияның қолына түскен соң, күдікті көпшіліктен кешірім сұрады. Алайда заң алдындағы жауапкершіліктен құтылмайды. 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу