Карантин жарияланған қалаларда қатаң тәртіп орнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин жарияланған қалаларда қатаң тәртіп орнайды

27.03.2020

Бүгін түнгі 12-ден бастап карантин жарияланған қалаларда қатаң тәртіп оорнайды. Нақтырақ айтсақ, түнгі 12-ден кейін үйден шыға алмайсыз. Тек азық-түлік пен дәріге шыуға рұқсат. Ал ретсіз қыдырып жүрсеңіз айыппұл төлейсіз. Сондай-ақ, 30-наурыздан бастап карантин жарияланған қалаларағы мекемелердің көпшілігі жұмысын тоқтатады.

Бұдан былай ас-су іздеп, ауырып қалмасаңыз беймезгіл көшеге шыға алмайсыз. Кез-келген уақытта құқық қорғаушылар сізден жөн сұрайды. Егер ерігіп жүргеніңіз анықталса, қалтаңыздан қағыласыз. Екінші рет көзге іліксеңіз қамаласыз.

Халық көп жиналатын орындар: атап айтқанда саябақ, жаяу жүретін көше, жағалау, ойын алаңдары және тағы басқа орындар жабылады. Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасуға болмайды. Кәмелеттік жасқа толмағандар үлкендерсіз сыртта жүре алмайды.

Министр 30-наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігінің жұмысын тоқтататынын жеткізді. Ал қызметін тоқтатуға келмейтін мекеме жұмыскерлері өзін жұмысқа шақырғанын дәлелдеуі керек.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу