Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды

20.03.2020
Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды

Францияда 12-23 мамыр аралығына жоспарланған әлемдегі ең беделді кинофестиваль кейінге қалдырылды. Бұл туралы фестивальдің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды. 

73-ші Канн фестивалі маусымның соңында немесе шілденің шілденің басында өтуі мүмкін. Ұйымдастырушылар толық шешімді Франциядағы және әлемдегі денсаулық сақтау жағдайы тұрақталғаннан кейін хабарлауға уәде етті. 

Бұл қадам коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан үкімет шараларының күшеюіне байланысты қабылданып отыр.

Хабарламаларға жазылу