Самал Еслямова: Қысқаметражды киноға шақырту алдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самал Еслямова: Қысқаметражды киноға шақырту алдым

05.07.2018

Шілденің бірінде басталған халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ертең қорытындыланады. Орталық коммуникациялар қызметіне келген фестиваль президенті Айман Мұсақожаева шараның жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты. «Бұл - тек өнер қайраткерлерінің басын қосатын айтулы шара ғана емес, Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік әлеуетінің артуына әсер ететін, шетелдік мемлекеттермен рухани байланысты кеңейтетін ірі мәдени жоба. Осындай әлемдік жобалар арқылы қазақ киносының деңгейін көтермекпіз», - деді ол.  Мәдени шараға 71-ші Канн кинофестивалі сыйлығының иегері Самал Еслямова да атсалысып жүр. Әлемге танымал режиссерлар ұсыныс жасап үлгеріпті. Қазақтың талантты қызын жаңа белестен көретін күніміз де алыс емес.

Самал Еслямова, Канн фестивалі сыйлығының иегері:

- Қысқаметражды киноға шақырылдым. Сенімдеріңіз үшін рахмет.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу