Малайзияда коронавирусты балалардың жұқтыруы жиілеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда коронавирусты балалардың жұқтыруы жиілеген

04.06.2021

Малайзияда эпидахуал ушығып тұр. Коронавирус күніне 8200-ден астам адамнан анықталып, өткен тәулікте 100 шақты науқас қайтыс болды. Мамандар індетті балалар көп жұқтырып жатыр деп дабыл қақты. 82 мыңдай жеткіншек дертке шалдыққан. Олардың 20 мыңдайы 4 жасқа толмаған сәбилер. Індетпен күресу мақсатында апта басында елде қатаң карантин жарияланды.

Колумбияда «ковидтің» таралуы бәсеңдер емес. Елде инфекция күніне 28 мыңдай адамнан анықталып, өткен тәулікте 545 науқас қайтыс болды. Билікке қарсы бес апта бойы өтіп жатқан шерулер де жағдайды ушықтырып отыр. Соған қарамастан, елдің кей аймақтарында шектеулер жеңілдей бастаған.

Ал Францияда биыл әйгілі Канн кинофестивалі өтеді. Алайда қатысушылар мен көрермендерге арнайы талаптар қойылған. Олар әр екі күн сайын коронавирусқа тест тапсыруы тиіс. Шілденің 6-на белгіленген шара кезінде коменданттық сағаттар да тоқтатылуы мүмкін.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу