Түркия терроризмге қарсы күресте Иранды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия терроризмге қарсы күресте Иранды қолдайды

04.01.2024

Түркия терроризмге қарсы күресте Иранды қолдайды. Режеп Тайып Ердоған ирандық әріптесі Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, Керман провинциясында болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандарға көңіл айтты. Сондай-ақ терроризммен бірге күресуге шақырды. 4-ші қаңтар, яғни бүгін Иран президенті мен Режеп Тайып Ердоған Анкарада жеке келіссөздер жүргізуі тиіс еді. Қайғылы оқиғаға байланысты Ибрахим Раисидің, Түркияға сапары кейінге қалдырылды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу